Непал армиясы Расувадағы гидроэнергетикалық жобаның тоннелінде қалған адамдарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Премьер-министр кеңсесі таратқан видео кадрларда әскери қызметкерлердің аман қалғандарды көтеріп жүргені және қалың лай қабаттары арқылы басқаларға жету үшін жорғалап өткені көрсетілген.
Бейсенбідегі ресми мәлімет бойынша, сол тоннельде 100-ден астам адам қамалып қалған деп болжанған. Бұл ел бойынша жүргізіліп жатқан құтқару жұмыстарының бір бөлігі. Жергілікті полицияның хабарлауынша, жұма күні Непалдағы өлім саны 475-ке жетті.
