Қазақстанда бірінші жартыжылдықта негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,6%-ға ұлғайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы инвестициялар құрылымындағы жеке капиталдың үлесі 87%-ға жетті. Инвестициялық белсенділік әсіресе ақпарат және байланыс саласында жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Бұл бағытқа тартылған инвестициялар көлемі 2,3 есеге артты.

Сондай-ақ құрылыс саласында (+38,7%), өңдеу өнеркәсібінде (+33,3%), ауыл шаруашылығында (+24,6%) және көлік саласында (+11,6%) өсім тіркелді. Ішкі сауда саласында да жоғары көрсеткіштер байқалды: бірінші жартыжылдықта оның көлемі 15,3%-ға артып, 36,2 трлн теңгеге жетті. Көтерме сауда 6,6%-ға, бөлшек сауда 3,8%-ға өсті.

Оң үрдіс сыртқы сауда бағытымен де нығайтылды: қаңтар-мамыр айларында республиканың тауар айналымы $56,3 млрд-ты құрады, ал импорт $26 млрд-қа жетті. Соның нәтижесінде $4,4 млрд-тан асатын тұрақты оң сауда балансы сақталды.