«Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Калмұрза ойыннан кейін әскерге шақыру қағазын алған.

Алматылық «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Калмұрза, мадридтік «Реалға» қарсы ойында жанкүйерлер назарын өзіне аударғаннан кейін күтпеген «сый» алды – ол әскерге шақыру қағазын қолына тигізді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

БАҚ дерегінше, әскери комиссариат өкілдері шақыруды матч басталмай тұрып табыстауға тырысқан, алайда билеті болмағандықтан оларды Орталық стадион аумағына кіргізбеген. Ал ойыннан кейін (нәтижесінде «Қайрат» 0:5 есебімен ұтылды) қағаз ресми түрде қақпашыға берілді.

Куртуа пікір білдірді

Ойынның ірі есеппен аяқталуына қарамастан, «Реал» қақпашысы Тибо Куртуа Instagram-да Шерханды «болашақтағы №1 қақпашы» деп атап өтті.

Қазақстанда жас ойыншы қазірдің өзінде жанкүйерлер арасында «сезонның басты трансфері» – қақпадан әскер қатарына кетті деген әзілдің нысанына айналып үлгерді.