Фото: КазТаг
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов журналисттер әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жіберді, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.
Журналистер министрден: «Әскердегі өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы білесіз бе?» – деп сұрады.
«Ол: «Не дейсіз? Әскерилер? Не айтып тұрсыз?» – деп жауап берді.»
—
Министрдің реакциясы журналистерді таңғалдырды. Олар: «Біздің сұрағымызға неге күлдіңіз?» – деп сұрады.
Қосанов болса:
««Мен сіздерге шын айтам. Қазір ондай жағдай жоқ. Зорлау дейсіздер ме? Ондай фактілерді көрсетіңіздер. Дәлел көрсетпей, жай айта саласыздар», – деп жауап берді.»
—
Оның айтуынша, тәуекелдерді азайту үшін командирлермен және психологтармен жұмыс жүргізіліп жатыр.
««Камера орнатамыз, пресс-турлар ұйымдастырамыз, журналистерді айына бір рет болса да шақырамыз. Әскерде әлімжеттік (дедовщина) жоқ. Бірақ сіздер ондағы жігіттердің жастар екенін де түсінулеріңіз керек. Қоғамда да жастар бір-бірімен келіспей қалуы мүмкін. Әскер де – қоғамның бір бөлігі. Біз барлық тәртіптің сақталуы үшін барынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп қорытындылады министр.»
—