Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесіне барған жоқ. Ол денсаулығына байланысты өз үйінен дауыс берді.

«Жақында бел омыртқасына жасалған отадан кейінгі денсаулық жағдайына байланысты Тұңғыш Президент өз дауыс беру құқығын үйде жүзеге асырды», - деп жазылған ресми хабарламада.