Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы қайғылы жағдайға байланысты марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Экс-президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада былай делінген: «Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты».
Маңғыстау облысындағы қайғылы жағдай
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз толқыны ағызып әкетті. Олардың 12-сі көз жұмды, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні
25 қыркүйек – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.
