НАТО Бас хатшысы Марк Рютте одақтың Ресеймен бейбіт келіссөздер жүргізгенге дейін Украинаны күшейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің қолымыздан келетін жалғыз нәрсе — Украинаны күресте қолдау және бұл келіссөздер басталған кезде олардың мүмкіндігінше күшті болуын қамтамасыз ету», — деді Рютте Financial Times басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Рютте альянс әскери шығындар өсімі бойынша шекті деңгейге жеткенін мойындады. «Біз бұл қаражатты пайдаланудың максималды мүмкіндігіне қол жеткізіп жатырмыз (қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 5%-ына дейін арттыру — ред.). Өйткені бізге әлі де қызметке кадрлар табу, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібінің өнімдерін сатып алу қажет», — деді Рютте.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда одақтастар қорғанысқа жұмсаған қосымша 250 миллиард доллар шығындарды тез арада арттыру мүмкіндігіне сәйкес келеді.