Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко "Известия" басылымына берген сұхбатында Батыс 2030 жылға қарай Мәскеумен қақтығысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бізде НАТО және Еуроодақ елдері 2030 жылға қарай Ресеймен әскери қақтығысқа шынымен дайындалып жатыр деген болжам бар", - деді ол. Дипломат Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлантикалық альянстың басты мақсаты Мәскеуді стратегиялық түрде жеңу екенін айтты.
Өткен аптада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров өзінің "Украина, Еуропа және жаһандық қауіпсіздік" атты мақаласында Еуропа 2030 жылға қарай Ресеймен қақтығыста "жауынгерлік дайындыққа" жету үшін уақытты кідірткісі келетінін жазды. Лавров халықаралық жағдай НАТО мен Мәскеу арасындағы тікелей қақтығыс қаупін тудыратынын, бұл тез арада ядролық қару алмасуға айналуы мүмкін екенін қосты.
