НАТО бас хатшысы Марк Рютте Украинадағы қақтығыстың ұзаққа созылуы Батыс елдеріне өз әсерін тигізіп жатқанын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл көп уақытты алып жатыр және, әрине, мұның өзі әсерін тигізіп жатыр», — деді Рютте.

Сонымен қатар НАТО бас хатшысы Еуропа, Канада және АҚШ-та Украинаға қолдауды жалғастыру қажет деген пікір бар екенін жасырмады.

Оның сөзінше, Батыс ықтимал келіссөздер алдында Украинаның ұстанымын нығайтқысы келеді.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя бұған дейін Киевтің демеушілері Украина тақырыбынан шаршағанын, алайда оны қолдауды жалғастыруға мәжбүр екенін айтқан.