Қазгидромет 22-24 тамызға жасалған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей аудандарда қатты жауын-шашын болып, бұршақ жаууы ықтимал. Қазақстанның батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады, мұнда ауа температурасы 34-39 градусқа дейін көтеріледі.
Астана
22 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +9...+11°C, күндіз +24...+26°C болады. 23 тамызда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C. 24 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшеюі ықтимал. Түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.
Алматы
22 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +18...+20°C, күндіз +28...+30°C. 23 тамызда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +19...+21°C, күндіз +28...+30°C. 24 тамызда жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +28...+30°C болады.
Шымкент
22 тамызда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +19...+21°C, күндіз +32...+34°C. 23 тамызда жауын-шашын болмайды. Түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C ыстық болады. 24 тамызда да жауын-шашын болмайды. Түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C болады.
