Қатты ыстықтан туындаған найзағайлар жұма күні таңертең Ұлыбританияның көптеген аймақтарында аспанды жарқ еткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде Эдинбург қамалы, Бристоль және Манчестер үстіндегі найзағай жарқылдары көрсетілген бейнежазбалар тарады. Солтүстік Ирландия мен Уэльстің кейбір бөліктері де зардап шекті.
Демалыс күндері ыстықтың басылуы күтіледі, Шотландия мен Солтүстік Англияның кейбір бөліктеріне найзағайға қатысты сары ескерту жарияланды.
