ҚР «Қазгидромет» РМК мамандары сәрсенбі, 9 қыркүйек күні найзағай мен шаңды дауыл салдарынан дауыл ескертуі жарияланғанын хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісу облысы
Жетісу облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде және шығысында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда 09-11 қыркүйек аралығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс орталығында күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, құйын және шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысы
Атырау облысының оңтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Түркістан облысының батысында және таулы аудандарында күндізгі екінші жартысында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы аудандарында 15-20 м/с. 09 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. 09 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының батысында және оңтүстігінде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысының солтүстігінде және орталығында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен күндіз екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы
Абай облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Солтүстік-батыста және оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
Қостанай облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, құйын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, құйын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Ақмола облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысы
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.
