Мысырдың солтүстігінде екі пойыздың соқтығысуы салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбада бірнеше вагонның аударылғаны және олардың айналасында ондаған адамның жиналғаны көрінеді.
Бір пойыз Гизадан Каирдің оңтүстік-батысындағы Фаюм шұратына қарай, ал екіншісі Каирден оңтүстіктегі Асуанға қарай бет алған.
Апаттың себебі әзірге белгісіз. Алайда Мысыр президенті Абдул Фаттах әл-Сиси тергеу жүргізіліп жатқанын және «немқұрайлық танытқаны дәлелденген кез келген адам жауапқа тартылатынын» мәлімдеді.
Мысырдағы пойыз соқтығысуы туралы толығырақ оқыңыз.
