Qazaq Stroy компаниясы «Қазақмыс» корпорациясының басқаруына көшкенін ресми түрде хабарлады.

Бұл меншік ауысуы 2025 жылғы ең үлкен корпоративті келісімдердің бірі ретінде бағаланып отыр. Корпорацияның жылдық табысы шамамен 1,3 триллион теңгені құрайды.

Бұл туралы qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақмыс» құрылымына еліміздің бірнеше өңіріндегі – Қарағанды, Ұлытау, Абай және Жамбыл облыстарындағы кеніштер, байыту фабрикалары мен мыс қорыту зауыттары енеді.

Негізгі кіріс мыс өндірісімен қатар, алтын сату бағытынан түседі.

Qazaq Stroy тобы деген кімдер?

«Қазақмыс» енді көпсалалы Qazaq Stroy холдингінің басқаруында. Компанияның иесі – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.

Qazaq Stroy бұған дейін инфрақұрылым, құрылыс және сервистік қызметтер арқылы танымал болған.

Бұрынғыдан да ауқымды өнеркәсіптік жобаларға жол ашатын бұл қадам еліміздің тау-кен секторында жаңа кезең басталатынын білдіруі мүмкін.