«Мұны киетін жер жоқ» деген трендтік кештер Қазақстанға да жетті. Бұл форматта қатысушылар өздерінің гардеробындағы ерекше, бірақ күнделікті өмірде киюге мүмкіндігі жоқ киімдерді киіп келеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұндай кештердің пайда болуына Instagram және TikTok желілеріндегі ирониялық видеолар себеп болған. Пайдаланушылар алдымен кәдімгі киімдерін көрсетіп, содан кейін гардеробындағы ерекше немесе өте сәнді бір затты көрсететін. Оны «серуендету» үшін ерекше жағдай керек, ал оны күту айларға, тіпті жылдарға созылуы мүмкін.

Шамамен 2024-2025 жылдардан бастап мұндай «сән көрсетілімдері» офлайнға көшті. Нарық бұл трендке бейімделіп үлгерді. АҚШ-та қолдан жасалған бұйымдарды сататын Etsy платформасында «Nowhere to wear it party» («Мұны киетін жер жоқ») кештеріне арналған шақырулар бар.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар осындай кештің видеосын көрсетті. Онда жас адамдар бөлмеге есіктерді салтанатты түрде ашып, үйлену көйлектерімен, жұмыс комбинезондарымен және тіпті әскери формамен дефиле жасайды. Пікірлерде пайдаланушылар бұл форматты жоғары бағалады.

«Маған шұғыл түрде осындай кеш ұйымдастыру керек», «Сіздерге келуге бола ма? Менің ондай заттарым көп», «Шкафымды аштым, онда киетін жері жоқ заттар толып тұр. Мен бәлкім кие алмайтын барлық киімдерімді киіп, орамжапырақтай болып келер едім», — деп жазды қазақстандықтар.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle зумерлер мен миллениалдар арасындағы тағы бір тренд — күнделікті істерге арналған кештер туралы жазған. Онда достар «ересектердің істерімен» айналысады, бірақ бұл интим туралы емес.