Мұнай бағасы апталық өсімге бет алды, бұған Қызыл теңіздегі кемелерге жасалған шабуылдар мен Қазақстанның мұнай өндірісін қысқартуы себеп болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызыл теңіздегі шиеленіс пен Қазақстанның өндірісті қысқартуы жаһандық мұнай нарығындағы ұсыныстың азаюына әкеліп, бағаның көтерілуіне түрткі болды. Сарапшылардың пікірінше, бұл факторлар апта бойы мұнай бағасының өсуіне ықпал етті.
