Американдық блогер және кәсіпкер Джимми Дональдсон, ол MrBeast деген атпен танымал, оңтүстік африкалық жазушы және контент-мейкер Тея Бойсенге үйленгенін хабарлады. Тойдың суреттерін ол өзінің Instagram-парақшасында жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарияланған суреттерде жас жұбайлар әсем табиғат аясында үйлену киімдерінде түскен. Пост бірнеше миллион лайк жинап, жанкүйерлер мен танымал блогерлерден мыңдаған құттықтаулар алды.
Бұған дейін, 11 шілдеде, MrBeast алдағы оқиғаға меңзеп, X әлеуметтік желісінде жаңа ролик жарияламайтынын жазған болатын.
«Бүгін жаңа роликсіз — мүмкін, мен үйленіп жатырмын, сондықтан сәл бос емеспін», — деп жазды MrBeast.
MrBeast пен Тея Бойсен 2022 жылы Оңтүстік Африкада танысып, бірнеше айдан кейін қарым-қатынастарын растады. Жұп некелесу туралы 2025 жылдың басында жариялаған болатын. Блогер бұған дейін олардың отбасы мен жақын достарының арасында жабық той өткізгісі келетінін айтқан.
MrBeast YouTube-тегі ең танымал автор болып қала береді. Оның каналы жүздеген миллион жазылушыға ие, ал бейнелері тұрақты түрде ондаған және жүздеген миллион көрілім жинайды. Ол ауқымды челлендждері, қайырымдылық жобалары және ірі ақшалай ұтыс ойындарымен танымал.
