Миссури штатындағы Батлер қаласында жексенбі күні ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Миссури штатының жол патрулінің мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері мен шериф кеңсесінің өкілдері келген. Ұшақ Батлер мемориалдық әуежайынан ұшып, күн шуақты түсте парашютпен секіруге бара жатқан жолаушыларды тасымалдаған. Апат салдарынан барлық 12 адам қаза тапты.
Құтқару қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Апаттың себебі әлі анықталмаған. Тергеу жалғасуда.
