Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин Олжас Бектеновті Қазақстан Республикасының премьер-министрі қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Құттықтау хатында Олжас Бектеновтің Ресей мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлесі қосқаны аталып өткен.
Мишустиннің айтуынша, жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында сауда-экономикалық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық дамып келеді. Энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар салаларындағы ауқымды бірлескен жобалар жүзеге асырылып, өңіраралық байланыстар кеңейіп жатыр.
Сөз соңында ол Олжас Бектеновке зор денсаулық, амандық және жауапты қызметінде жаңа табыс тіледі.
