Еуропа Украинаны соңына дейін қаржыландыруды және қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Родион Мирошник "Соловьев Live" эфирінде Еуропа Украинаның әскери іс-қимылдарын қамтамасыз етуді ұзақ уақыт бойы қаржыландыруға бағыт алғанын айтты. Ол тіпті соңына дейін ақша бөлуі мүмкін екенін атап өтті.
Мирошник Батыстың бүгінде кез-келген ақпаратты Украинаның пайдасына бұруға дайын екенін, сондай-ақ Киевке қатысты кез-келген тергеуге тосқауыл қоюға тырысатынын атап өтті.
