Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев биыл алты айдың ішінде барлық өңірде сауда көлемі өскенін айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дегенмен ең жоғары өсім төрт аймақта тіркелген. Олар: - Павлодар облысы (125,3 %); - Солтүстік Қазақстан (121,8%); - Түркістан облысы (121,4 %); - Шымкент (121,8 %).

Ал Қазақстандағы жалпы тауар айналымының 70 пайыздан астамы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстарына тиесілі.

Бүгінде өнімсіз делдалдарға бақылау күшейтіліп, тауар қозғалысын кезең-кезеңімен қадағалау жүйесі енгізілді.

«Қабылданған шаралардың алғашқы нәтижесі бар. Алты айдың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарлары бөлшек саудасының нақты көлем индексі 9,5 пайызға өсіп, өткізу көлемі 3,7 трлн теңгені құрады», - дейді Шаққалиев.