Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов демалыста ең алдымен қайда баратынын айтты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің бүгінгі отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Отырыстан кейінгі брифингте журналистер министрден еңбек демалысында қайда баратынын сұрады.

«Өзім демалысқа шығып жатсам, ең бірінші туып өскен ауылдан бастар едім. Бірақ біз үш жылдай еңбек демалысына шыққан жоқпыз. Жазғы уақытта туристік науқан болса, қыста және күзде Олимпиада мен Азия ойындары бар», - деді Мырзабосынов.

Министрдің айтуынша, қыста Алакөлге, ал қыста Алматы тауаларына баруға болады. «Жанымызда Бурабай тұр. Маңғыстау облысында да қызықты туристік бағыттар жетерлік. Оңтүстікте Түркістанға баруға болады», - деп атап өтті министр.

Айта кетері, бүгін премьер-министр Олжас Бектенов жазғы уақытта қолайлы бағамен қосымша рейстер ұйымдастыруды тапсырды.