Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жаңа көмір станциялары салынатын өңірлерді атады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2030 жылға көмір генерациясын дамыту ұлттық жобасы бар. Соның аясында көмір өнеркәсібін дамыту жоспары да әзірленеді.

Министрдің айтуынша, Екібастұз, Курчатов, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа көмір энергия көздерін салу жоспарланып отыр. "Бұл жобалар электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты жабу және Біртұтас электр энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін қажет",-деді Ақкенженов көмір өнеркәсібінің форумында.

Министрдің айтуынша, көмір генерациясы шаң мен газ тазарту жүйелерін қолдана отырып, жүзеге асырылуға тиіс.