Миланда өтетін Олимпиада ойындарына арналған шарада көрсетілген анимациялық видео көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Мультипликациялық роликте танымал актриса Сабрина Импаччиаторе соңғы 100 жылда Олимпиада астанасы болған қалаларға саяхаттайды. Бұл видео толығымен жасанды интеллект көмегімен жасалған.

Алайда мұқият көрермендер әрбір кадрдан нейрожелінің ізін, яғни артефакт байқаған. Мысалы, кей жерде жарық оғаш түскен, ал кейбір бөлшектер бұлдырап, өзгеріп кетіп отырған.

Бұл жағдайдың ең қызығы – Олимпиаданың жалпы бюджеті 1,7 миллиард еуроны құрайды. Осындай ірі сомаға қарамастан, ұйымдастырушылардың жасанды интеллект көмегімен жасалған, сапасы төмен видеоны таңдауы көпшіліктің наразылығын тудырды.

Фото: Әлеуметтік желіден