Alatau City Bank банктік секторды қолдау бағдарламалары аясында шығарылған 125,3 млрд теңгелік облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алады. Мемлекеттік көмекті ішінара мерзімінен бұрын қайтару туралы шешімді банк директорлар кеңесі 29 маусымда қабылдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл банктің соңғы жылдары мемлекетке үшінші мерзімінен бұрын төлемі. 2024 жылы қаржы институты 100 млрд теңгені, ал 2025 жылы тағы 50 млрд теңгені қайтарды.

Банк директорлар кеңесінің төрағасы Қуат Қожахметов бұл шешім банктің тұрақты қаржылық жағдайы мен капиталдандырудың жоғары деңгейінің арқасында мүмкін болғанын мәлімдеді.

Alatau City Bank еліміздегі ірі банктердің бірі болып табылады. Активтер көлемі бойынша ол нарықта алтыншы орынды, ал меншікті капитал көлемі бойынша қазақстандық банктер арасында үшінші орынды алады.

Соңғы мәліметтер бойынша, Alatau City Bank-тің өзекті қарызы 950,2 млрд теңгені құрайды. Осылайша, кезекті транштан кейін қайтарылуы тиіс қарыз сомасы 7,6%-ға азайып, 824,9 млрд теңгеге дейін төмендейді.

Еске сала кетейік, 2018 және 2019 жылдары «Проблемалық несиелер қоры» Цесна Банктен (Alatau City Bank-тің ескі атауы) ауыл шаруашылығы несиелерін 1,05 трлн теңгеге сатып алған болатын. Сонымен қатар, АТФБанкті сатып алу аясында (2020 жылдың соңында) Jusan Bank (Alatau City Bank-тің алдыңғы атауы) «Самұрық-Қазынадан» субординацияланған облигациялар шығару арқылы 100 млрд теңге алды.

Кәсіпкер Вячеслав Ким Alatau City Bank-ті 2025 жылдың шілдесінде сатып алды. Forbes деректері бойынша, кәсіпкер $7,8 млрд байлығымен Қазақстандағы ең бай адам болып қала береді.