Италияда Қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі өтіп, Қазақстан құрамасының туын шорт-трекші Денис Никиша мен фристайл-могулшы Аяулым Әміренова ұстап шықты, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараның ерекшелігі – оның бір мезгілде екі түрлі жерде, атап айтқанда Милан қаласы мен Ливиньо коммунасында ұйымдастырылуында. Ұлттар шеруі кезінде Миландағы стадионға көк туды Денис Никиша алып шықса, Ливиньодағы рәсімде бұл құрметке Аяулым Әміренова ие болды.

Ақ Олимпиада 6-22 ақпан аралығында өтеді. Бұл дүбірлі додада Қазақстан намысын 10 спорт түрінен 36 спортшы (18 ер және 18 әйел) қорғайды.

Фото: ҰОК