Миланда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды. Ол қысқа бағдарламада жоғары нәтиже көрсетіп, үздік 24 спортшының қатарына енді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.
Самоделкина мұз айдынында өз өнерін орындап, төрешілерден 68,47 ұпай жинады. Бұл көрсеткіш оған әлемнің ең мықты мәнерлеп сырғанаушыларымен еркін бағдарламада бақ сынауға мүмкіндік берді.
Енді спортшымыз Олимпиада медалі үшін шешуші сын – еркін бағдарламада өнер көрсетеді. Бұл кезең жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайтын болады.
Фото: Әлеуметтік желіден
