Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа спорт шебері атағын беру мәселесін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Шайдоров қажетті нормативті орындаса да, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері атағын алмағанын мәлімдеген болатын. Министрдің айтуынша, тиісті бұйрыққа бұрын қол қойылған, бірақ техникалық мәселелерге байланысты куәлігін тапсыру мүмкін болмады.
«Қазіргі кезде Михаил атақтың белгісін алды. Алайда АҚШ-тағы дайындығына байланысты оны ресми түрде тапсыра алмадық. Алдағы уақытта жеті әлем чемпионаты бар. Солардың ең алғашқысында тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деді Мырзабосынов үкіметтегі брифингте.
Министр Олимпиада чемпионымен арада ешқандай түсініспеушілік жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, Шайдоров бірнеше ай жалақы алмағанын да айтқан. Министрлік бұл мәселе жаңа келісімшартты дайындаумен байланысты болғанын хабарлады.
