Туризм және спорт министрлігі Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен тағы бір жүлдегеріне ақшалай сыйақы аударылғанын хабарлады. Спортшылармен бірге жаттықтырушыларға да сыйақы қарастырылған. Осылайша, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы сыйақы алып отыр. Ал үкімет резервінен бөлінген қаржының жалпы көлемі 250 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан Республикасы Үкіметі 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) пен үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға (конькимен жүгіру) ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады», - делінген ресми хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Михаил Шайдоровқа 250 000 АҚШ доллары, ал Надежда Морозоваға 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақшалай сыйақы қарастырылған. «Ақшалай сыйақы жүлдегер спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді», - дейді министрлік мамандары.
Сонымен қатар, Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер береді.
Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
