Microsoft компаниясына қарсы акционерлер тарапынан сот ісі қозғалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Акционерлер компанияны шығындарды дұрыс басқармау, бұлтты бизнес және жасанды интеллект (AI) саласындағы кемшіліктер үшін кінәлайды. Сот ісінің мәліметтері бойынша, Microsoft басшылығы осы бағыттардағы шығындарды тиімді бақылай алмаған және инвесторларды адастырған.

Бұл жаңалық Microsoft акцияларының құнына әсер етуі мүмкін. Компания әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.