Micron Technology компаниясы АҚШ-тағы өндірістік инвестициясын қайтадан ұлғайтып, 2035 жылға дейін $250 миллиард бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания бұған дейін де АҚШ-тағы инвестициясын бірнеше рет арттырған болатын. Жаңа жоспар бойынша, Micron жартылай өткізгіштер өндірісін кеңейтуге бағытталған ірі қаржылық міндеттемелерді қабылдады. Бұл қадам АҚШ-тың жартылай өткізгіштер саласындағы тәуелсіздігін нығайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
