Meta компаниясы Instagram-ды әдейі тәуелділік тудыратындай етіп жасады деген айыппен Теннесси штатында сотқа тартылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот процесі 2026 жылдың 20 шілдесінде басталды. Айыптау бойынша, Meta платформаны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына зиян келтіретіндей етіп жобалаған.
