Meta Platforms Канададағы алғашқы деректер орталығын салу үшін Альберта провинциясында 13 миллиард канада долларын (C$13 млрд) инвестициялайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба Meta-ның Канададағы алғашқы ірі инфрақұрылымдық инвестициясы болып табылады. Деректер орталығы Альбертада орналасып, компанияның AI және басқа да технологиялық қызметтерін қолдауға арналады.