Германия канцлері Фридрих Мерц Украинадағы жағдайды реттеу бойынша келіссөзді бастайтын уақыт келгенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мерц бұл мәлімдемені Парижде өткен "Ынталы елдер коалициясының" отырысынан кейін жасады. "Келіссөз үстеліне отыратын кез келді. Атысты тоқтату туралы келісімге келетін уақыт болды", – деді Мерц. Оның сөзін DRM News-тің YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетті.

Ол Еуропа да Еуроодақ пен АҚШ-тың қолдауымен келіссөз жүргізуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар Мерц еуропалық елдердің Мәскеуге қысымды күшейтуді жалғастыратынын да мәлімдеді.