Германия канцлері Фридрих Мерц Германия халқын қақтығыс аяқталғанға дейін Киевке көмек көрсету қажеттігіне сендіруге тырысып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Біз бұл соғыс аяқталғанға дейін Украинаға көмек көрсетуді жалғастыра береміз. Мұны Германия халқына да түсіндіріп, қолдаудың жалғасуы маңызды екенін айтып келемін. Өйткені біз мұны өз еліміздің, Еуропаның мүддесі үшін, тұрақтылық үшін жасап отырмыз», – деді Мерц Украина басшысы Владимир Зеленскиймен бірге өткізген баспасөз мәслихатында.
Германияның Киевке бұдан әрі қандай көмек көрсете алатыны туралы айта келе, Мерц қазірдің өзінде «өте көп нәрсе жасалып жатқанын» айтты. Сондай-ақ канцлер Германия Украинаға қолдау көрсетуге ең көп үлес қосып отырған ел екенін атап өтті.
