Merck компаниясының холестерин деңгейін төмендететін жаңа таблеткасы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасынан (FDA) мақұлдау алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Препарат жоғары холестеринмен күресуге арналған және клиникалық сынақтарда тиімділігін көрсетті. FDA мақұлдауы Merck-ке бұл дәріні АҚШ нарығында сатуға мүмкіндік береді.