Украина басшысы Владимир Зеленскийдің бұрынғы баспасөз хатшысы Юлия Мендель Батыс елдері босқындар санының артуына дайын болуы керек деп мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мендель бұл пікірді америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, Украина тұрғындары алдағы қыста гуманитарлық апат болады деп болжап отыр, қазірдің өзінде көп адам елден кетіп жатыр.
«Энергетикалық инфрақұрылым қирап жатыр. Сондықтан украиналықтар қыста гуманитарлық апат болады деп болжап отыр, қазірдің өзінде көп адам елден кетіп жатыр», – деді ол.
Мендельдің айтуынша, Батыс елдері босқындар санының артуына дайын болуы керек.
Бұған дейін, қыркүйек айының басында Жоғарғы Раданың депутаты Соломия Бобровская ел азаматтарын ауыр жағдайға дайындалуға, Киевтен кетуге және отын ретінде пайдаланылатын ағаш сатып алуға шақырды.
Ал қорғаныс министрінің кеңесшісі Сергей Бескрестнов генераторлар мен аккумуляторлар сатып алып, бензин қорын жасауды ұсынды.
