Мемлекеттік материалдық резервтен 356 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.
««ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік (ұн, макарон, қарақұмық жармасы, ет консервілері және т.б.) броньнан шығарылды. Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған 7 мың әскери қызметші үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды», — деді Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінен агенттік тілшісіне.»
—
Комитет мәліметінше, бұған дейін Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қажеттіліктері үшін су тасқынымен күресуге мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, мотопомпалар, далалық асүйлер және басқалары броньнан шығарылған еді.