Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • 01Марат Қабиденұлы Жұмабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды;
  • 01Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;
  • 01Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.