Украина Қарулы күштері Мелитополь қаласындағы сүт зауытына шабуыл жасады, деп хабарлады Запорожье облысының губернаторы Евгений Балицкий. Соққы салдарынан бес жүк көлігі мен қойма ғимаратының шатыры зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Балицкий Max платформасындағы каналында: "Мелитополь қаласында сүт зауытының аумағы зақымданды: бес жүк көлігі мен қойма ғимаратының шатыры бүлінді", – деп жазды. Оның айтуынша, шабуылдан ешкім зардап шеккен жоқ.
