Елімізде 7 облыс бойынша 1469 сынып қашықтан оқуға көшірілген, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңындаБас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова «алдағы уақытта маскалық режим енгізіледі ме?»деген журналист сауалына жауап берді.

«Егер сыныптың 20%-ы тұмаумен ауырса онда сынып кабинетті жүйеге көшеді. Ал сыныптың 30%-ы ауырған жағдайда сынып түгел қашықтықтан оқуға көшеді, -деді ол.»

Оның сөзінше қазіргі таңда еліміздегі эпедимиологиялық жағдай қатаң бақылауда. Бүгінгі таңда барлық өңір бойынша мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр.

Алғашқы мониторинг нәтижесінде елімізде 7 облыс бойынша 132 мектептен 1469 сынып қашықтан оқуға көшірілген. Олар: Астана, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Абай облыстары.