Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға мектеп рюкзагын таңдау бойынша маңызды кеңестер берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлік мамандары оқулықтар, дәптерлер және басқа да оқу құралдары салынғаннан кейін рюкзактың қаншалықты ауырлайтынын тексеруді ұсынады. Негізгі бағдар – толық жиналған рюкзактың салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауы тиіс.

Жас ерекшеліктеріне қарай ұсынылатын салмақ

Оқу құралдарының ұсынылатын салмағы оқушының жасына байланысты:

  • 011–3 сынып оқушылары үшін – 2 килограмға дейін;
  • 024–5 сынып оқушылары үшін – 2,5 килограмға дейін;
  • 036–7 сынып оқушылары үшін – 3,5 килограмға дейін;
  • 048–11 сынып оқушылары үшін – 4,5 килограмға дейін.

Мамандардың кеңестері

Мамандар оқулықтар мен оқу құралдарын қоса есептегендегі рюкзактың жалпы салмағы баланың дене салмағының 10%-ынан аспауын ұсынады. Мысалы, оқушының салмағы 30 килограмм болса, толық жиналған сөмкенің салмағы 3 килограмнан аспағаны жөн, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мамандар бос рюкзактың салмағы 1 килограмнан аспауын ұсынады. Мектеп сөмкесінің жеңіл болуы, баланың бойына сәйкес келуі, арқасына ыңғайлы орналасуы және иығына артық салмақ түсірмеуі маңызды, дейді министрлік.

Айтуларынша, рюкзак бала үшін тым үлкен болмауы және белден айтарлықтай төмен түсіп тұрмауы тиіс.