Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мектеп оқушыларының ұлттық парктерге тегін кіре алатынын еске салды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үкіметтің бүгінгі отырысында туризмді дамыту мәселесі қаралды. Сол кезде министр жазға дейін енгізілген өзгеріс жайында айтты.
«18 жасқа дейінгі балалар үшін ұлттық парктерге тегін кіру енгізілді. Бұл шара ішкі туризм мен экологиялық демалыстың қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді», — деді Мырзабосынов.
Ал туристік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында гидтердің, экскурсия жүргізушілерінің және туризм нұсқаушыларының қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілетін болады.
