Мексиканың Пуэрто-Мадеро қаласында магнитудасы 7,4 болатын күшті жер сілкінісі болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ Геологиялық Қызметі (USGS) жер сілкінісінің дәл магнитудасын 7,4 деп көрсетті. Оқиға орны – Пуэрто-Мадеро қаласы. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен материалдық шығын туралы ақпарат жоқ.
