Алматыдағы Mega Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында 22 тамызда өрт дабылы қағылып, келушілер эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде келушілердің эвакуацияланған кадрлары тарады.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті шақырудың жоғары дәрежесі расталмағанын хабарлады. Оқиға орнында ашық жану анықталмады.

«Ашық жану анықталған жоқ. Ал автоматты өрт дабылының неге қағылғанын мамандар анықтайды», — деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметі.

Mega Alma-Ata-ның Instagram-аккаунтында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені, ал сауда орталығы жұмысын жалғастырып жатқаны хабарланды.

«Құрметті келушілер! Mega Alma-Ata-да өрт дабылы қағылды. Жағдай бақылауда, барлық жүйе қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. ТРЦ жұмысын жалғастыруда. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта біз тексеру жүргізіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», — делінген сауда орталығының хабарламасында.

Дабылдың қағылу себептері анықталып жатыр.

Бұған дейін «Курсив» Mega Alma-Ata сауда орталығының эскалаторында Өрмекші-адам костюмін киген он шақты адамның видеосы әлеуметтік желі қолданушыларының назарына іліккенін хабарлаған. Бір тәулік ішінде ролик 54 мыңнан астам қаралым жинады.