Француз футболшысы Килиан Мбаппе Nike-тен кетіп, швейцариялық On компаниясымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл келісім On компаниясының футбол нарығына алғашқы қадамы болып отыр. Мбаппе әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі ретінде On брендінің футбол саласындағы бет-бейнесіне айналады.

Осыған дейін Мбаппе Nike компаниясымен ұзақ уақыт ынтымақтастықта болған. Жаңа келісімшарт швейцариялық On компаниясының спорттық аяқ киім және киім нарығындағы позициясын кеңейтуге бағытталған.