Сыртқы істер министрлігінің маусым айында шетелден келетін қонақтардың тізімін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтің айтуынша, Германиядан екі үлкен делегация келеді: - Германияның федералды экономика және энергетика министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы Штефан Рюнхоф (15-16 маусым); - Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхе (29-30 маусым).

«Сапарлар аясында ел басшылығымен, сондай-ақ, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізу жоспарланған. Тараптар энергетика және шикізат саласындағы өзара іс-қимылды, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуді, сондай-ақ, стратегиялық маңызы бар шикізат материалдары саласындағы жобаларды қоса алғанда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр», - деді Жетібаев бүгінгі брифингте.

Астанаға келетін басқа да делегациялар: - Испанияның мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес Белио (16 маусым); - Польша сенатының спикері Малгожата Кидава-Блонскаяның алғашқы жұмыс сапары (18-20 маусым).