Илон Маск SpaceX компаниясы 2030 жылға қарай $1 триллион табыс әкелуі мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Масктың айтуынша, SpaceX-тің Starship зымыраны мен Starlink спутниктік интернет жүйесі компанияның табысын айтарлықтай арттырады. Ол SpaceX-тің ғарыштық сапарлар мен жерсеріктік байланыс нарығындағы үлесін кеңейтуді жоспарлап отыр.