Марқакөл орман шаруашылығында орман күзеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) бөлімшелері табиғи өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт жетуі қиын жерде орын алған, сондықтан сөндіру жұмыстары күрделі жағдайда жүргізілуде. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті сөндіруге орман күзеті мен ТЖМ-нің 85-ке жуық қызметкері, 10 бірлік техника, «Қазавиалесоохрана» қызметкерлері, сондай-ақ ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылған.

Сонымен қатар, жеке құрамды жеткізу және жағдайды бақылау үшін ормандарды авиациялық қорғау аясында тартылған тағы бір тікұшақ бар. Министрлік өкілдері жағдайдың толық бақылауда екенін айтады.

Өртті сөндіру жұмыстары қазіргі уақытта жалғасуда. ТЖМ қызметкерлері өрттің таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.