Қазақстандық кәсіпкер және инвестор Марғұлан Сейсембай Kursiv Talks подкастының жаңа шығарылымында жасанды интеллекттің (ЖИ) бизнес, білім, мемлекеттік басқару және еңбек нарығына әсері туралы өз көзқарасымен бөлісті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бір жарым сағаттық әңгімеде Сейсембай штаттық қызметкерлерсіз компанияларды неліктен іске қосатынын, MIDAS ЖИ-агенттер жүйесін не үшін құрғанын және неліктен алдағы жылдары дәстүрлі офлайн бизнестердің көпшілігінен шығуды жоспарлап отырғанын түсіндірді.

Кәсіпкер интернеттің болашағы туралы болжамымен бөлісіп, жеке ЖИ-ассистенттер мобильді қосымшаларды, сайттарды және әдеттегі интернет-жарнама моделін қажетсіз етуі мүмкін деп мәлімдеді.

Подкастта ЖИ-судьялардың пайда болу перспективалары, білім беру жүйесінің трансформациясы, технологиялық сингулярлық философиясы, Web3 ойын экономикасы және Сейсембайдың жеке принциптері, соның ішінде «тиімді жетілмегендік» тұжырымдамасы жеке талқыланды.

Подкасттың толық нұсқасын Kursiv Media YouTube арнасынан көруге болады.